RSS лента

Қазақстандықтарға 42500 теңге төлене ме?

  • 04.04.2021, 21:20,
  • 637
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Еске сала кетсек, ТЖ режимі мен карантин кезінде қызметке енгізілген шектеулерге байланысты табысын жоғалтқан тұрғындарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төленген еді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды.

 

Бұл жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың бұрын-соңды болмаған шарасы. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алды» деді жауапты ведомство өкілдері.

Оставить комментарий
Последние новости