Табысы төмен және жұмыссыз азаматтарға мемлекет 85 400 теңге төлейтіні туралы мессенджерлерде таралған ақпарат жалған болып шықты.
«Табысы төмен жұмыссыз азаматтар мен қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 85 400 теңге көлемінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды. Қазақстандықтардан қырағылық танытуды және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз. Ал, жалған ақпаратты тарату заң бойынша қудаланады» делінген баспасөз қызметінде.