ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тағайындалуі міндетті түрде қандай да бір төлемдерді аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды.
«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз» делінген ресми хабарламада.