Жанармай құю станциясы желісінің өкілдері мұндай шара туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Helios жанармай құю станциялары желісінің ресми сайтында да, олардың Instagram-дағы ресми аккаунтында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ.
– Бұл жалған ақпарат. Мұндай хабарламалар туралы мәлімет келіп түсті, біз оны дереу теріске шығардық, – делінген ЖҚС желісі өкілдерінің жауабында.
Қазнетте мазмұны ұқсас хабарлама бұған дейін де тараған болатын. Ағымдағы жылдың 13 наурызында ЖҚС желісінің ресми Instagram-аккаунтында оны жоққа шығаратын ақпарат жарияланған.
– Helios-тың бұл хабарламаға қатысы жоқ. Барлық шаралар туралы ақпарат www.helios.kz ресми сайтында және @helios_kz instagram парақшасында ғана жарияланады. Сілтеме арқылы өтпеулеріңізді және хабарламаны таратпауларыңызды сұраймыз, – делінген мәтінде.