RSS лента

Жуық арада жер бетінде аштық орнайтыны рас па?

  • 20.12.2020, 01:47,
  • 767
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазнетте жақында ғаламшарда ашаршылық болатыны және «өсімдік тектес ақуыз өнімдерінің пакеттері” тек COVID-19 қарсы екпе жасатқандарға ғана берілетіні туралы жаңалық талқылануда. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Клаус Шваб өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Бұл – фейк, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Клаус Шваб онлайн да, шынайы өмірде де мұндай мәлімдеме жасамаған. Егер stopfake.kz жариялаған ресми мәліметке сүйенетін болсақ, конспирологиялық теорияларды жақтаушылар бұл дәйексөзді Швабтың фейк парақшасынан алған. Ал шынайы, жүйемен верификацияланған аккаунтында бір ғана жарияланым бар, онда былай делінген: «Twitter-ге қосылғаныма қуаныштымын. Сіздердің хабарламаларыңызды асыға күтемін, өйткені біз 2021 жылы қаңтарда онлайн режимде өтетін #DavosAgenda апталығына дайындалып жатырмыз». Бұл твит осы жылдың 26 қарашасында жазылған.

 

Жақында Жер бетінде жаһандық аштық болатынына ешқандай маңызды алғышарттар жоқ. Керісінше, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден (айта кетейік, алдағы азық-түлік тапшылығына оның да қатысы бар дейді) осы жылдың мамыр айында сайлау науқаны кезінде елде азық-түлік тапшылығы проблемасы жоқ деп мәлімдеді.

 

Демек, COVID-19 қарсы екпе жасатқандар ғана азық-түлікпен қамтамасыз етіледі деген пікірлер мағынасыз.

 

Жалпы, бүкіл теория жалған аккаунтта жарияланған бір хабарламаға негізделген және нақты фактілер жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости