Біріншіден, "AstraZeneca" компаниясына тиесілі делінген препараттың қаптамасының фотосуреті желіде осы жылдың қараша айының басында тараған болатын.
Бұл ретте компанияның өзі суретте өз вакцинасының қорабы көрсетілгенін растаған жоқ. Демек, қаптамалар шынайы және оларда ұсынылған ақпарат сенімді деп айта алмаймыз.
Екіншіден, L-гистидин гидрохлориді моногидрат гемоглобин құрылымының бөлігі болып табылады. Гистидин аллергиялық реакциялармен байланысты гистаминнің түзілуіне бастамашы болады. Урокан қышқылы, терідегі иммундық жауап модуляторы да гистидиннен биосинтезденеді.
Оның негізінде дәрі-дәрмек пен кейбір косметикалық құралдар, мысалы, сусабындар мен тері күтіміне арналған өнімдер шығарылады.
Демек, COVID-19 қарсы вакцина миға және жалпы, ағзаға зиян тигізуі мүмкін деген пікірлер негізсіз. Суретте көрсетілген қаптаманың AstraZeneca-ға тиесілі екенін ешкім растаған жоқ, бұл біреудің графикалық рекдакторларда істеген жұмысының нәтижесі. Сонымен қатар, онда көрсетілген препарат құрамы улы емес және фармацевтика мен өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.