RSS лента

Дүкенде КВИ жұқтыру мүмкіндігі зор ма?

  • 02.11.2020, 16:35,
  • 619
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Бельгияның федералдық денсаулық сақтау министрі Франк Ванденбруке жергілікті тұрғындарды «артық сауда жасамауға» шақырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Биыл 2 қарашадан 13 желтоқсанға дейін елдегі карантин шараларының күшеюіне байланысты көптеген бельгиялықтар дүкендерде ұзын-сонар кезекке тұрып, түрлі тауарлар сатып ала бастады. Осы аптада-ақ ірі супермаркеттерде қажетті тауарларды жаппай сатып алу басталды. Сондай-ақ, «Ikea» жиһаз дүкендерінде, «Decathlon» спорттық дүкендерінде және киім-кешек, электр тауарлары мен басқа да сауда орындарында халықтың көп жиналуы байқалды.

 

«Егер бұл аса қажет болмаса, дүкенге топтасып бармаңыздар» деді Ф.Ванденбруке.

 

Министрдің айтуынша, карантин кезіндегі ұзын-сонар кезектер «қауіпті», бұл инфекцияның одан әрі тарауына ықпал етеді. Сонымен бірге, Ф.Ванденбруке азық-түлік пен қажетті бастапқы заттар сататын дүкендер ашық қалатынын айтты. Барлық дүкендер онлайн режимде тапсырыс қабылдап, үйге дейін жеткізе алады.

 

2 қарашадан бастап Бельгияда қатаң локдаун басталады: дүкендер (азық-түлік дүкендерінен басқа), сұлулық салондары, шаштараздар жабылады. Спорттық, мәдени шаралар тоқтатылды. Қызметкерлердің көпшілігі қашықтан жұмыс істеуге ауысады. Адамдардың көшеде кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін жүруіне тыйым салынады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости