Аккаунтта ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бұл Halyk Bank-тің парақшасы, бірақ ол «жеке блог» деп белгіленген.Бұл парақшаны Stopfake.kz порталы ресми түрде фейк екенін мәлімдеп отыр. Оны Halyk Bank-тің өзі де растап, бұл алаяқтардың ісі екенін және одан сақ болуға, шоттар бойынша ақпарат бермеуге шақырды.
Сондай-ақ, аккаунттың жалған екендігін парақшаны верификациялайтын арнайы белгілердің болмауынан және мекеменің акциялары мен жұмысы туралы тиісті ақпараттың жоқтығынан байқауға болады. Мұның бәрі Halyk Bank-тің ресми аккаунтында жарияланған.
Дербес деректерді немесе төлем карталары туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ешбір жағдайда хабарлауға болмайтынын ескертеміз. Парольдер мен шоттарға кіру кодтарын банк қызметкерлеріне де айтуға болмайды.