Бірақ, ақпараттың жалған екенін жеткізген «Алматы» телеарнасының басшысы Нұржан Жалауқызы әнші мен көпшіліктен кешірім сұрады. Себебі, бәрі сол телеарнаның «Paparazzi» бадарламасынан басталған болатын.
«Құрметті ФБ оқырмандары! Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.
Сондай-ақ, телеарнамыздың тапсырысымен дайындалатын бағдарламасының тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын» деді тееларна басшысы.