RSS лента

Қазақстандықтар 3 адамнан тұратын қоғамдық бірлестік құра алады

  • 08.11.2023, 11:50,
  • 267
  • 0
  • Автор:
Автор фото: mazhilis_kz

Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мен жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленген заң жобасын қарастырды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Мәжіліс депутаттары қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.


Енді Қазақстандықтар кемінде 3 адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құру мүмкіндігіне ие болады (бүгінде ол үшін кемінде 10 адам қажет). Бұдан бөлек қолданыстағы заңнама нормаларға сәйкестендіріледі, атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі айқындалады, сондай-ақ басқа да мәселелер құқықтық тұрғыда реттеледі.


Заң жобасы аясында Азаматтық кодекске, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» зандарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізіледі.


Бұған қоса, Мәжілісте саяси партиялар мен діни бірлестіктер құру бұл заңмен емес, салалық заңнамамен реттелетінін ерекше атап өтті. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости