Заң жобасына сәйкес қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге жалға алуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, оларда жалға алуды жаңа мерзімге ұзарту құқығы болады.
«Бұдан басқа, заң жобасында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау күшейтіледі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге сатып алынбаған жерді пайдалану құқығын иеліктен шығару мүмкіндігі көзделеді, жергілікті халықтың мұқтажы үшін жайылымдық жерлердің аумақтары айқындалады, сондай-ақ жер заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да нормалар енгізіледі» деп атап өтті Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің хатшысы Берік Оспанов.
Сонымен бірге, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциялары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлімшелерін құра отырып, орталық уәкілетті органның ведомствосына қайтарылатын болады.