RSS лента

Kaspi.kz қазақстандықтардың жолын ашпақ

  • 07.06.2021, 13:21,
  • 659
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қоғамдық орындарға бару үшін қазақстандықтар енді Ashyq сервисін тікелей Kaspi.kz қосымшасында пайдалана алады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлімдеді.

 

«Бүгін Ashyq сервисі Kaspi.kz. клиенттеріне де қол жетімді. Біз ел халқы алдындағы жауапкершілігімізді түсінеміз және бизнесті қорғауға, сондай-ақ қазақстандықтар арасында вирустың таралуына жол бермеуге бар күшімізді саламыз» деді министр.

 

Дәл қазіргі сәтте сервисті екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді. Қосымшада Ashyq қызметін пайдалану үшін Kaspi QR бөліміне кіріп, мекемеге кіре берісте орнатылған QR-кодты сканерлеу қажет.

 

Содан кейін экранда пайдаланушы мәртебесі пайда болады:

   * Бейтарап-ПТР сынағы қажет жерлерден басқа шектеулер жоқ;

   * Байланыс-объектілерге баруға ішінара шектеу;

   * Жұқтырған-қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. ПТР-тест оң;

   * Қауіпсіз, шектеулер жоқ, ПТР тесті теріс.

 

Егер кіруге рұқсат берілсе, объектінің жұмысшысына уақытша рұқсат қағазын көрсетіп, 5 минут ішінде кіру керек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости