«Азаматтарға да, кәсіпке де қатысты процестер бар. Атап айтсақ, жұмысқа қабылдау. Халыққа анықтамалар бірнеше рет беріледі, оларды алу үшін адамдар ХҚКО-ға немесе электрондық үкімет порталына келеді. Себебі, бизнес-құрылымдар сотталмағандығы туралы анықтаманы, психонаркобақылау анықтамасын, мекенжайды растауды талап етеді. Қазір біз сол қағаз анықтамадан құтқаратын қызметті сынақтан өткізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, сол арқылы адамдар анықтамаларды тасып жүруден құтылады.
Жұмыс беруші ЖСН енгізеді, қандай ақпарат сұрағысы келетінін таңдайды. Екінші тұлғаға бұл деректерді жұмыс берушіге электрондық форматта беруге дайын екендігі туралы SMS сұрақпен келеді. Егер ол «Ок» деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни, жұмыс берушілер мен ХҚКО арасында анықтама тасып жүру тоқтатылады» деді еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.