Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, кадрлар дайындау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары да күшейтіліп отыр. Яғни, педагогикалық мамандыққа білімді түлектерді ғана қабылдау үшін, ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді.
Сонымен бірге, министр педагогтың енді жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Конкурс толығымен электрондық форматта жүреді.
«2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни, дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі», – деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.