«Шәкіртақы төлеу жүйесін өзгертуге қатысты нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Біз қазір біраз нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауымыз керек. Содан кейін, мүмкін, келесі жылдың басында шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз. Сонда университеттер арқылы шәкіртақы төленбей. Нақты шәкіртақы әр студентке тікелей төленетін жүйеге көшуіміз қажет.
Бұлардан өзде де проблемалық мәселелер бар. Оның бәрін біз білеміз. Сондықтан ол мәселелерге қайтып келіп, тағы бір мәрте қарастырамыз. Бүгін айтылған ұсыныстар бойынша тиісті зерттеу-талдама жұмысын жүргізуіміз керек. Одан кейін нақты іс-шараларды бекітіп, қалай болғанда да бұл пробламаларды шешу қажет» деді министр.