RSS лента

Енді соттылық туралы анықтаманы автоматты түрде алуға болады

  • 13.03.2021, 01:23,
  • 1 017
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бүгінгі таңда «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Электрондық анықтаманы көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы алуға болады:

 

-www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы (mGov мобильді қосымшасы);

 

-www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталындағы бір реттік SMS пароль сервисі арқылы;

 

-«EgovKzBot» Telegram-бот арқылы.

 

Қызмет көрсетудің ең аз мерзімі – 10 минут,қосымша тексеру кезінде – 5 жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 

Сонымен қатар,аталған мемлекеттік қызмет портал арқылы өзіне қатысты мәліметтер “Жеке кабинет” және (немесе) SMS-растау арқылы сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.

 

Қағаз түріндегі анықтаманы көрсетілетін қызметті алушылар шетелге шыққан жағдайда ғана сұратады,ал Қазақстан аумағында электрондық нысандағы анықтама ғана пайдаланылады.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости