RSS лента

Алаяқтар Ұлттық банк атынан хабарламалар таратып жатыр...

  • 03.12.2020, 22:57,
  • 969
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстан Ұлттық банкі ақша жіберу туралы өтініші бар электрондық хаттар мен анонимді телефон қоңырауларына назар аудармау керектігін ескертеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Шын мәнінде мұндай хаттар Ұлттық банктен жеке тұлғаларға таратылмайды. Орталық банктер жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді.  Ұлттық банктегі банктік шоттар тек ҚҰБ, екінші деңгейдегі банктер мен саны шектеулі заңды тұлғалардың операциясын есепке алу үшін ғана ашылуы мүмкін. Осыған орай Қазақстан Ұлттық банкінің жеке тұлғалардың құнды заттары мен банкнот, монеталарына қатысты инкассациялық (соның ішінде жеткізу, тасымалдау) қызметті атқармайтынын ескертеміз.

 

Қазақстан Ұлттық банкінен ақша жіберу туралы өтініші бар күдікті хаттарды алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына (ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалу – тегін) да хабарласуға болады» делінген ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости