RSS лента

Бекболат Тілеухан халықаралық ұйым комитетінің тізгінін ұстады

  • 16.11.2020, 18:41,
  • 861
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: "worldethnosport"

Халықаралық ұйымның комитет төрағасы болып Бекболат Тілеухан сайланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт қауымдастығының (Ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері, құсбегілік, дәстүрлі садақ атуды дамыту, насихаттау және ілгерілетуді жүзеге асыратын заңды негіздегі аккредиттелген жалғыз ұйым. Авт.) президенті Бекболат Тілеухан 2020 жылдың 12 қарашасында бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы жанынан құрылған Орта Азия комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды.


Комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті енеді. Онлайн форматта өткен отырысқа бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджмеддин Біләл Ердоған қатысты» делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости