Волонтерлер де белсенді көмек көрсетіп жатыр. Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Министрлік Ұлттық волонтерлік желімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп «Күшіміз бірлікте» акциясын жариялады. Қазіргі уақытта барлық өңірде волонтерлердің фронт-офистерінің базасында волонтерлік штабтары құрылып, 20 мыңнан астам волонтерлер тартылды. Бұл туралы ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Бірыңғай байланыс орталығы құрылды, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетуді мақсатында волонтерлерді үйлестіру және бөлу үшін аймақтық байланыс орталықтары құрылды. Волонтерлердің өңірлік Төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
«Волонтерлер су басқан аумақтардан азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіліп, зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуге сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмыстарына қатысуда. Сонымен қатар, әр өңірде медиаволонтерлер жұмыс істейді, олар өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы халықты хабардар етеді»,-деді спикер.
Еліміздің 13 өңірінде гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды. Гуманитарлық көмек жинау алгоритмдерін түсіндіру үшін жедел топ құрылды.