RSS лента

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтерлер форумына қатысты

  • 21.06.2023, 12:52,
  • 342
  • 0
  • Автор:

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адамдар арасындағы дипломатия» қағидаты аясында халықаралық волонтерлік бағдарламалардың тиімділігі анағұрлым жоғары болады деп санаймын».

Президент өз сөзінде волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру, бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңыздылығын атап өтті. 


Волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажеттігі мен волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажеттігін ескерді. 


Оған қоса, Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген БҰҰ өкілдеріне алғыс айтты. 


Форумда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің форум қатысушыларына үндеуін ұйымның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори оқып берді. Сондай-ақ жиында БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов, БАӘ Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің бас директоры Афра Мұхаммед Әл Сабри, Түркияның белгілі мәдениет қайраткері Халук Левент және басқа да спикерлер сөз сөйледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости