RSS лента

Оқушыларға 4,5 миллион теңге сыйақы берілетіні рас па?

  • 02.09.2021, 19:08,
  • 1 145
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Бұл сауалға Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында «алтын» медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 миллион теңгеге жуық, «күміске» – 1000 АЕК, «қолаға» – 500 АЕК ақшалай біржолғы сыйақы тағайындау жоспарлануда.

 

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант беріледі. Сондай-ақ, жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар мен тәлімгерлерге де біржолғы қаржылай сыйақы беру жоспарланып отыр» деді министр.

 

Оставить комментарий
Последние новости