RSS лента

Қазақстанда ағаш отырғызуға 80 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ

  • 16.06.2021, 18:19,
  • 1 080
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова алдағы бес жыл ішінде мемлекет екі миллиард ағаш отырғызуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Елімізде күзгі отырғызу 48 миллион 200 мың ағашты құрайды. Отырғызылған ағаштардың саны жыл сайын өседі. Келесі жылы шамамен 244 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда. 2023 жылы — 411 миллион, 2024 жылы — 573 миллион және 2025 жылы-643 миллион ағаш. Ағаш түрлеріне тоқталатын болсақ, сексеуіл, қарағай, үйеңкі, қайың, шегіршін және басқа да тұқымдарды отырғызу жоспарлануда.

 

Екі миллиард ағаштың 1,5 миллионға жуығы әкімдіктердің үлесіне тиесілі. Орман пайдаланушылар мен халықаралық донорларға — шамамен 200 миллион дана. Орман шаруашылығы комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарына-шамамен 300 миллион дана.

 

Бес жыл ішінде республикалық бюджеттен қаржыландыру 22 миллиард теңгені, жергілікті бюджеттен — 60 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландыру тиісті техника мен жабдықтарды сатып алу үшін қажет. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 6 миллиард теңге және республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Тапсырманы орындау мақсатында тракторлар, ағаш отырғызу машиналары, культиваторлар сатып алынады. Отырғызу материалдарын өсіруге арналған питомниктер аумағы ұлғайтылады.

 

Қазір 1 қыркүйектен бастап орман екпелерін отырғызу мониторингі және бақылау бойынша интерактивті карта құру мәселесі пысықталуда. Картада орман алқаптарының сандық карталары негізінде орман мекемелерінің орамдық желісіне байланыстыра отырып, құрылған орман екпелерінің учаскелері, алаңдары мен тұқымдық құрамы, 5 жылдық кезеңге орман отырғызуға әлеуетті учаскелер көрсетілмек.

 

Халыққа интерактивті картаға, оның ішінде мобильді құрылғылар арқылы тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұл жобаны Қаржы министрлігі қолдады. Оны іске асыру үшін шамамен 63 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері пысықталуда» деп толықтырды вице-министр.

 

Айта кетейік, Президент тапсырмасы бойынша алдағы бес жылда Қазақстанда 2 миллиардқа дейін ағаш отырғызылуы керек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости