RSS лента

KazSat-2 спутнигін алмастыруға 58 млрд.теңге жұмсалмақ

  • 10.06.2021, 12:02,
  • 588
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

KazSat-2 геостационарлық спутнигінің пайдалану мерзімі аяқталуына байланысты 2024 жылы Қазақстан оны алмастыруға  58 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осылайша интернеттің жылдамдығы 200 мегабит/с-қа дейін артады деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәжілістің жалпы отырысында.

 

«Қазір интернеттің жылдамдығы – 10 мегабит/с. Іс жүзінде KazSat-2 және KazSat-3 жүктемелері 75% болып отыр. Біз бүгінде ғарыш саласындағы технологияларды ауыстыру қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. KazSat-2 және KazSat-3 геостационарлық спутниктер болып табылады, олар интернетпен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл интернеттің жылдамдығы секундына 10 мегабит. Ал біз, қазір, жалпы технологиялардың дамығанына және 2019 жылға дейін стартап режимінде жұмыс істеген төменгі орбиталық топтардың 2020 жылы пайдалануда шығып қалғанына назар аударуымыз керек.

 

Мұндай қызметтерді, атап айтқанда, Америкадағы Starlink ұсынады, Еуропада тестілеу жүріп жатыр және OneWeb та өз жұмысын жүргізуде. Олар банкроттық сатыдан шығып, қазір бір миллиард доллардан астам инвестиция тартып отыр. Біз осы жобаны іске асыруды жоспарлаған кезде, KazSat-2-ні ауыстыруға 58 миллиард теңге мөлшеріндегі шығындардың орындылығына тағы да оралдық. 2024 жылға қарай жер шары интернетті секундына 200 мегабит деңгейінде қамтамасыз ететін төмен орбиталық спутниктік топтарға толады. Яғни, бұл біздің KazSat-2 және KazSat-3 ұсынатын жылдамдықтан әлдеқайда жоғары» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости