RSS лента

Қазақстандық бір сайтқа 30 миллион теңге жұмсалған

  • 27.05.2021, 09:22,
  • 602
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Қазақстандағы коронавирус туралы coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

 

 «Бұл инфекция пайда болғаннан бері біздің азаматтар мен оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жұмыс істеді. Оған қосымша Telegram арнасы ашылды. Оған 240 мың адам жазылды. Бұл осы ресурстың өзектілігі мен танымалдылығын көрсетеді. Барлық ресурстар негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелерді, мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін ақпарат алғаны түсінікті. Бұл сайтты сүйемелдеуге шамамен 30 миллион теңге жұмсалды» деп жауап берді Балаева.

 

Айта кетейік, «Coronavirus.2020.kz» сайты 2020 жылы Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндайтын ресми ресурс ретінде пайда болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости