Біз дереу облыстық полиция департаментіне хабарластық.
«Бұл – жалған хабарлама. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар алынатын болады. Ал, әзірге нақты ештеңе айта алмаймын» деді департаменттегі баспасөз қызметінің басшысы Мейірім Ердәулет.
Айта кетейік, бір күн ішінде біраз адамға тарап үлгерген хабарламаға сәбидің суреті жалғанған. Артынша осы ақпаратты таратқан ер адам оған мұндай мәліметті оның үйіндегі адамдар қалжың ретінде жібергенін жеткізді.
Енді істің анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.