RSS лента

Қазақстан халықаралық кеңес құрамына кірді

  • 09.06.2021, 12:35,
  • 817
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстан БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) құрамына сайланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші пленарлық отырысында Қазақстан 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің құрамына сайланды» делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

 

ЭКОСОС БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметін үйлестіруге жауапты негізгі орган және осы салалардағы өзекті проблемалар бойынша шешімдерді ілгерілетуге арналған орталық алаң болып табылады.

 

СІМ атап өткендей, Қазақстан тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын тиімді іске асыру және Орталық Азиядағы неғұрлым маңызды гуманитарлық проблемаларды шешу үшін халықаралық қаржы және сауда ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге ниетті. ЭКОСОС-қа мүшелік Қазақстанға экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару реформаларын жүзеге асыру үшін табысты әлемдік тәжірибені тартуға да ықпал ететін болады.

 

Дауыс беру қорытындысы бойынша ЭКОСОС мүшелері Ауғанстан, Белиз, Бельгия, Үндістан, Италия, Канада, Кот-д ‘ Ивуар, Маврикий, Оман, Перу, АҚШ, Танзания, Тунис, Хорватия, Чехия, Чили және Эсватини болды. Қазақстанның кандидатурасын 180 мемлекет қолдаған.

 

Бұған дейін Қазақстан 2007-2009 және 2014-2016 жылдар кезеңіне ЭКОСОС құрамына екі рет сайланған болатын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости