RSS лента

Қазақстан қайда қанша қаражат қарыз?

  • 14.02.2021, 20:25,
  • 668
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызын таразыға салды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Мемлекеттік сыртқы қарыз ел борышының бар жоғы 8,2 пайызын немесе 13,2 млрд АҚШ долларын, ал квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 12,5 пайыз немесе 20,1 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл жалпы алғанда ЖІӨ-ге шаққанда 18,8 пайыз және халықаралық тәжірибеге сәйкес, қауіпсіз деңгейге жатады. Қазақстанның тікелей және шартты сыртқы міндеттемелері соңғы үш жыл ішінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыртқы борышын өтеу есебінен 6,2 млрд АҚШ долларына немесе 15,7 пайызға азайып, 2020 жылдың 1 қазанында 33,3 млрд АҚШ долларын құрады, дейді Азат Өскенбаев.

 

Елдің сыртқы қарызының құрылымында ең көп бөлікті жеке сектордың фирмааралық берешегі алып отыр (101,3 млрд АҚШ доллары немесе 62,9 пайыз) екен. Оның маңызды бөлігі шетелдіктердің қатысы бар үш ірі жоба – Қашаған, Теңізшевройл және Қарашығанаққа тиесілі. Мұндай жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвесторлар Қазақстанда тіркелген өз тобының компанияларын қаржыланырады. Халықаралық әдіснамаға сәйкес, осындай инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналады.

 

Халықаралық тәжірибеде сыртқы қарыз көрсеткіштерін талдау кезінде фирмааралық берешекті алып тастау қабылданған, себебі ол ең аз тәуекелді болып есептеледі. Өйткені үлестес кредиторлар қарыз алушылардың сәтті қызмет етуінің жалғасуына қызығушылық танытады және көбіне, бұл міндеттемелер шартты болып келеді. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкімет пен Ұлттық Банк тарапынан тұрақты түрде мониторингке және бақылауға алынып отырады. Осылайша, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасымен және Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен қолдану тұжырымдамасымен елдің борыштық тұрақтылығын анықтайтын индикаторлар орнатылған.

 

Сыртқы борыш – бұл міндетті түрде экономикаға және елдің халқына салынатын жүктеме емес екенін есте ұстаған жөн. Сыртқы міндеттемелер оларды рационалды түрде өтеуге мүмкіндік бар болған кезде (кірістердің тұрақты деңгейі, өтімді активтердің бар болуы) инвестициялардың қосымша көзі болып табылады. Сырттан қаржы тарту – жаңа технологиялар ағынын қамтамасыз етеді, жаңа жұмыс орындары пайда болады, тікелей салық түсімдерін қамтамасыз етеді, әлемдік өндірістік тізбектерге интеграциялануға және өткізу нарықтарын кеңейтуге септігін тигізеді, деді түсініктеме берген Ұлттық банк өкілі» делінген ресми хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости