RSS лента

Олимпиада жеңімпаздары Президент алғыс хатын иеленді

  • 19.02.2024, 20:56,
  • 253
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтады. Primeminister.kz жазғандай, Премьер-Министр бұл Қазақстанның жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтыны екенін атап өтті. Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан әлемнің 78 елі арасында 20-шы орынды иеленді.


«Спорт – елдің мәртебесін биіктетіп, мемлекеттің қуаты мен өсіп келе жатқан әлеуетіне деген адамдардың сенімін нығайта түсетін маңызды фактор. Қазақстандықтар Сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Өздеріңіз сияқты ерік-жігері мықты жас спортшылардың еліміздің болашағы екеніне кәміл сенемін. Жеңіс жолында қолдау көрсеткен тәлімгерлер мен жаттықтырушылар ерекше алғысқа лайық. Бүгінгі бағындырған биік белестер алдағы олимпиадалардағы жетістіктердің бастауы деуге болады», — деді Олжас Бектенов.

 

Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных пен оның жаттықтырушысы Қайрат Биекеновке алғыс хаттар табыс етілді.


ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости