RSS лента

Қазақстандық спортшылар жасөспірімдер Олимпиадасына 29 жолдама жеңіп алды

  • 12.01.2024, 15:21,
  • 327
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: olympic.kz

Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

2024 жыл еліміздің спортшылары әртүрлі деңгейдегі 765 халықаралық, 631 республикалық жарыстарға қатысады. Алғашқы жарыс - Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мәлімдеді.


«Ойындар 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Жалпы ойындарға әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысып, 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Спортшыларымыз барлық дайындық кезеңдерінен өтіп, 5 спорт түрінен 29 жолдама жеңіп алды. Бір жолдама бойынша растауды күтіп отырмыз», - деді А.Бектенова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости