RSS лента

ІV жазғы Азия пара ойындарына 131 қазақстандық барады

  • 18.10.2023, 18:00,
  • 302
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Ханчжоу қаласында өтетін ІV жазғы Азия паралимпиада ойындарында 131 қазақстандық спорттың 14 түрінен бақ сынайтын болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек мәлім етті. Құрлықтың пара ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылады. Вице-министрдің айтуынша, қазақстандық спортшылар додаға жақсы дайындықпен бара жатыр.

 

«Осы күнге дейін 44 оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Қазіргі таңда тікелей осы ойындарға қатысты 10 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылу үстінде. Спортшыларымыз 47 стартқа қатысты. Жалпы командамыз жақсы дайындықпен бара жатыр деп айта аламыз. Біз 6 алтын алып, өткен Азия ойындарына қарағанда көрсеткішімізді жақсартып, 12 орынға табан тірейміз бе деген үмітіміз бар», – деп мәлім етті С.Құранбек.

 

Енді бірер күнде басталатын Азия пара ойындарында жалпы саны 22 спорт түрінен 564 жүлде жиынтығы ойнатылатын болады. Атлеттер пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, пара пара жеңіл атлетика, пара тхэквондо, пара оқ ату, пара садақ ату, отырып ойнау волейболы, пара үстел теннисі, Пара велоспорт, пара академиялық есу, шахмат, бочча каноэ сынды жарыстарда шеберлік байқаспақ.

 

2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия пара ойындарына елімізден 9 спортшы қатысқан болатын. Жалпы саны 5 алтын, 15 күміс, 13 қола медаль жеіп алып, жалпыкомандалық есепте Қазақстан 13-ші орыннан көрінді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости