RSS лента

Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері жарияланды

  • 12.09.2023, 12:46,
  • 373
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ocasia.org

Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр.


Күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.


Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости