RSS лента

«Үздік педагог» атағының иегері 3,5 миллион теңге сыйақы беріледі

  • 16.08.2023, 16:02,
  • 382
  • 0
  • Автор:
Автор фото: t.me/oqu_agartu

«Үздік педагог» атағының иегеріне 3,5 миллион теңгеге жуық сыйақы беріледі, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Ол 3 кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде 5 жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек. Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазіргі уақытта аудандық/қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізуде.


Екінші кезеңде әр аудан/қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады.


Республикалық байқаудың үшінші кезеңі осы жылдың қыркүйек айында өтеді.


Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости