RSS лента

5 жыл жұмыс өтілі бар педагогтердің жалақысына 30% үстемақы қосылады

  • 06.04.2023, 16:53,
  • 714
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/andy_bay

Биылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей "педагог - модератор" біліктілік санаты беріледі, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі оларға жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленетінін де мәлімдеді.


Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын ала алады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінде айтылды.


«Барлық қажетті кәсіби технологияларды меңгерген білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждің арнайы пән педагогтеріне тиесілі. Өйткені олар студенттерге білім беріп қана қоймай, дағды қалыптастыру үшін өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білгенін үйретеді. Сондықтан өндірістен тартылған педагогтер үшін осы шаралар қарастырылған. Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ, «педагог» біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырады», – дейді департамент директоры Ернат Жүнісов.


Бұған қоса, зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтер мен 30 не одан көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер бұрынғы біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости