RSS лента

790 мың теңге кімдерге беріледі?

  • 21.06.2022, 16:50,
  • 1 659
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау және Маңғыстауда математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті және шет тілі мұғалімдері тапшы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Екі облыста да білім сапасы төмен. Оған 2018 жылғы халықаралық PISA зерттеуі мен ҰБТ нәтижелері дәлел, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

 

Осыған байланысты арнайы бағдарлама жасақталмақ. Қазір байқауға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр.

 

«Мұғалімдер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-магистр» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген оқу үлгерiмi жақсы түлектер де қатыса алады. Басқа өңірлердің мұғалімдеріне қатысуға болады» деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

 

Қажетті құжаттардың тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 2022 жылғы 26 маусымға дейін қабылданады.

 

Айта кетсек, үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама аясында мұғалімдерге қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері бар, оның ішінде жоғары жалақы, үй жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған.

 

Бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшы өңірлерге барған ұстаздарға 790 мың теңге жалақы төленетінін мәлімдеген еді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости