Ведомствоның хабарлауынша, мұндай жаңашылдықтарды мектеп бағдарламасына енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.
– Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқушыларға арналған «ЛГБТ дамыту» және ерте жыныстық ағарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратылуда. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тағы бір фейк. Мұндай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер жоқ және болмайды да. Балаларды патриотизмге, еңбексүйгіштікке, отбасылық құндылықтарға үйрететін қазақстандық мұғалімдер мұндай бастамалар көтерен жоқ, – деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік жүктелетінін еске салып, ҚР БҒМ ресми парақшаларында және министрлік сайтында жарияланатын ресми мәліметтерге ғана сенуге шақырды.