RSS лента

Енді кредиттен де салық ұстай ма?

  • 31.08.2021, 04:25,
  • 992
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық экономика министрі несиеге салық енгізуді ұсынғаны туралы хабарлама таралуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ақпараттың дереккөзі – Qazinform24 Instagram-аккаунты. Бұл профильдің сипаттамасында парақшада шынайы жаңалықтар жарияланбайтыны, барлық контенттің сатиралық және шындыққа жанаспайтыны айтылған.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында несиеге салық енгізу туралы хабарламалар жоқ. Ресми БАҚ-та да бұл туралы ақпарат жарияланбаған.

 

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде хабарлайды. Бұл ақпараттың дереккөзі –qazinform24 Instagram-парақшасы. Бұл паблик шынайы ақпарат дереккөзі емес және фейк жаңалықтар жариялайды. Азаматтардан тек ресми дереккөздерден тараған ақпаратты ғана пайдалануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады, – деп хабарлады ведомстводан.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости