RSS лента

WhatsApp енді ақылы бола ма?

  • 31.08.2021, 04:23,
  • 943
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазнет қолданушылары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин WhatsApp қосымшасында хабарламалар мен қоңырауларды ақылы етуді ұсынды деген хабарлама таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Стоп фейк» сайты мұны жоққа шығарды. Ақпараттың дереккөзі Qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты. Парақшаның сипаттамасында жарияланған барлық жарияланымдар сатиралық болып табылатыны және «фейк жаңалықтар» санатына жататыны айтылған.

 

 

– ЦДИАӨМ WhatsApp қосымшасындағы хабарламалар мен қоңыраулар үшін әдеттегі тариф бойынша ақы алу жоспарланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Фейк авторлары жақында ЦДИАӨМ ұялы байланыс операторлары тарифтерді абоненттің келісімімен ғана өзгерте алатын бұйрық дайындағаны туралы жарияланымға сүйенген болар, – деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен.

 

Қазнет қолданушылары бұған дейін де сатиралық жаңалықтарды шынайы деп таратып келген болатын. Мысалы, желіде сыбайлас жемқорлықты қылмыстық деп танымау, Қазақстанның Қытайға қосылуы және т.б. туралы хабарламалар тараған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости