Бұл туралы «Стоп фейк» сайты ресми мәлімдеді. Қытайда балаларды жейтіні туралы хабарламалар Интернетте 2000 жылдардың басында тараған. Олардың бәрінде бірдей суреттер ұсынылған. Шын мәнінде, онда қытай суретшісі Чжу Юй бейнеленген. «Адам жеу» – оның жұмысы, осылайша, ол бірде-бір, оның ішінде Қытай заңдары каннибализмге қатысты нақты тыйым салмайтынына назар аудармақ болған.
– Біздің тәртібімізге әсер ететін моральдық ережелер мен құндылықтар бар. Нәрестелерді жеуге болмайтынын түпкі сана түсінеді. Екінші жағынан, діндерде адамдарды жеуге тыйым салынбаған. 10 өсиет бар, мысалы, онда өлтіруге, ұрлауға тыйым салынады, бірақ адамдарды жеу туралы айтылмайды. Адамдарды жеуге тыйым салатын заңдар жоқ. Мен бұл заң мен мораль арасындағы алшақтықты пайдаландым», – деп түсіндірді суретші.
Үрейлі суреттер алғаш рет 2000 жылы Шанхайдағы көрмеде көпшілік назарына ұсынылды. Суреттер экспозицияның бөлігі болмаса да, альбомға енді, содан желіге және бүкіл әлемге тараған, бұл қоғамдық резонанс тудырды. Кейін суретші осы әрекеті үшін медициналық университеттердің бірінен өлі туған шала нәрестенің денесін алдап алған ы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, жауап алу жазбасында қытайлар да, әлемдік қоғамдастық та, суретшілер мен басқа да шығармашылық мамандықтардың өкілдері Чжу Юйді кінәлап, оның жұмысын «псевдоөнер» және «зұлым өнер» деп танығаны айтылған.
Қытайда сәбилерді деликатес ретінде жейтініне ешқандай дәлелдер жоқ. Бұл қауесеттер қоғам назарын аудару үшін суретші түсірген үрейлі және қайшылықты фотосуреттерге негізделген.