Бұл фейк Интернетте жарты жылдан бері жүр. Мұндай алғашқы хабарламалар сәуір айында АҚШ-та Нью-Джерсиде тараған. Тәуелсіз фактчекерлер мен штат полициясы бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды. Сондай-ақ оны Facebok және Twitter әлеуметтік желілерінен өшірді.
Ал маусым айында Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Германия, Оңтүстік Африка, Испания, Үндістан және Сингапур елдерінің желі қолданушылары ұқсас хабарламалар жібере бастады. Барлық аталған елдердің полициясы мұндай қылмыстардың орын алғанына ешқандай дәлел жоқ деп қауесетті жоққа шығарды.
Тағы біраз уақыт өткен соң уланған маскалар тарататын тонаушылар туралы хабарламалар Интернеттің орыс тілді сегментінде – Ресейдің түрлі аймақтарында, атап айтқанда, Мордовия мен Якутияда пайда болды. Қазір бұл фейк Қырғызстан мен Қазақстанда танымал. Ешбір елде бұл қылмыстар расталған жоқ.