RSS лента

Президент әкімдерді жыл бойы халықпен кездесуге міндеттеді

  • 09.03.2022, 01:49,
  • 637
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекет басшысы әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қабылданған жарлықта Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдердің жыл бойы халықпен кездесулер өткізуін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етуін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіруін міндеттеді.


Сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл сайын 15 қаңтарға дейін мынадай міндеттерді орындауы тиіс:


  • жарты жылда бір рет облыс әкімінің әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесуін; республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін;
  • аудан әкімінің әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін; облыстық және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің қаланың, ауылдық округтің құрамына кіретін әр ауданда (шағын ауданда), ауылда, кентте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін;
  • ауыл, кент, қаладағы аудан әкімінің тоқсан сайын кемінде бір кездесуін өткізу көзделген әкімдердің халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесін (бұдан әрі – күнтізбе) әзірлеп, оны мәслихатпен келісу бойынша бекітіп отыруы керек.


Қажет болған жағдайда күнтізбені мәслихатпен келісу бойынша түзетуге жол беріледі.

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости