RSS лента

Ауыл әкімі атануға кімдер үміткер бола алады?

Автор фото: әлеуметтік желі

Ауыл әкімдерін сайлау үшін қандай жайттар негіз болатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталады және сайлау өткізілетін уақытқа 15 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге дейін ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне екеуден кем кандидат ұсынылса, онда аудандық сайлау комиссиясы кандиттарды ұсынуды 5 күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

 

«Бірінші, саяси партиялар өз мүшелерінің арасынан ұсынады. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде 1 ғана кандидат ұсынуға құқылы. Екінші, дауыс беруге құқы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызының қолын жинауды қамтамасыз ете отырып, өзін өзі ұсыну арқылы жүзеге асырады. Үшінші, егер ұсыну аяқталатын күнге екеуден кем кандидат ұсынылса, аудан әкімі ұсынады. Бұл ретте ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күні 1 кандидат ұсынылған жағдайда аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша тиісінше 2 не 1 кандидатты ұсынуға құқылы» деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев.

 

Оставить комментарий
Последние новости
     
ЭКОНОМИКА
30.04.2416:07
Доллар вновь поднялся  
   
Все новости