RSS лента

Тоқаев: ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады

  • 01.09.2020, 16:37,
  • 1 131
  • 0
  • Автор:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты - тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн.

Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн.

Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», - деді мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы халыққа Жолдауында.

Бұдан бөлек, Президент ауылдардағы бюджет қаржысын бөлу барысын қоғамдық бақылау маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, өңірлерде қаражат көп жағдайда халық қажеттілігіне жұмсала бермейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости