Мәсімовтің ойынша, Қазақстанның географиялық тиімді орналасуына, маңызды табиғи ресурстары мен аумағының молдығына қызығып отырған әлем державалары көп.
«Бұл жағдай шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстанға бағытталған көзқарасы мен құлшыныстарын айқындайды. Олардың қызметі негізінен саяси, экономикалық және қорғаныс бағытындағы құпия мәліметтерді жинауға бағытталған» деді ол.
Сонымен бірге, Мәсімовтің сөзінше, Қазақстанда әлеуметтік желі мен қоғамдық қозғалыссымақтар арқылы ішкі саяси жағдайды ушықтандыру әрекеттері тіркеліп отыр. Қызығушы тарап елдегі биліктің осал тұсын тауып, әлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық және дін саласының жанды жерін іздеуде.
«Саяси, экономикалық тұрақтылық пен қорғаныс потенциалын бұзуды көздеген күмәнді акцияларға тоқтау салу туралы айтудың уақыты әлі келген жоқ» деп атап өтті ҰҚК басшысы.