RSS лента

Бәрекелді!!! Қазақстан қоржынында – сегіз алтын!

  • 30.08.2021, 02:56,
  • 464
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлағандай, ел қоржынында 12 медаль бар. Оның сегізі – алтын. Сондай-ақ, біздің боксшылардың қоржынында екі күміс және екі қола жүлде бар.

 

Атап айтар болсақ, Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін), Әбдіғали Әбдікерім (57 келіге дейін), Ерасыл Ермек (60 келіге дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 келіге дейін), Абзал Серік (67 келіге дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 келіге дейін) және Темірлан Мұқатаев (86 келіге дейін) алтын алқа тағынды.

 

Күміс медальға Мәди Әміров (92 келіге дейін) пен Даниял Сапарбай (92 келіден астам) ие болды. Ал, Арман Алматұлы (71 келіге дейін) мен Дәурен Мамыр (82 келіге дейін) қоланы қанағат тұтты.

Оставить комментарий
Последние новости