RSS лента

Қазақстандық парадзюдошы Токиода күміс жүлде иеленді! ​

  • 27.08.2021, 15:32,
  • 731
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Жерлесіміз, парадзюдошы Әнуар Сариев Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ақтық сында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Ануар Сариев әзірбайжандық Вугар Ширинлиден жеңіліп қалды. Жартылай финалда Ануар Сариев Венесуэла өкілі Маркос Бланкомен күресіп, иппон тәсілімен таза жеңіске жеткен болатын.​ ​


Айта кетейік, Әнуар Сариев 1992 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол – паралимпиадалық дзюдодан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру факультетін бітірген. Көлік апатынан кейін көру қабілеті нашарлаған. Ерік-жігері мұқалмаған Әнуар өзін спорт саласынан тапты. 60 келі салмақ дәрежесінде B3 класында нашар көретіндер арасында өнер көрсетеді. ​

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости