RSS лента

Алматылық бойжеткеннің асқазанынан бір келі шаш шықты (+фото)

  • 22.09.2020, 23:28,
  • 983
  • 0
  • Автор:
Автор фото: *Ашық көздерден

Алматы қалалық №4 аурухананың ақ халаттылары бойжеткеннің ішінен 1 келі шаш алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Бүгін жоспарлы ота жасалды. Лапаротомия, гастротомия, отасы кезінде асқазан пішінін қайталап тұрған трихобезоар анықталды. Бұл түйнек асқазанның 70 пайыз ауданын алып тұрған. Бойжеткеннің өзі шаш жегенін мойындамай тұр. Алайда бұл бірнеше жылдар бойы қалыптасқан түйнек. Оның салмағы 1 келіге жетіп қалған соң асқазанның пішіні созылған» деді аурухана хирургы Абылай Баймаханов.


«Тырнақ тістеу немесе шаш шайнап жұту – бұл психологиялық әдет. Балалардың әдеттеріне ерте жастан назар аудару керек. Сондай - ақ, шаш ағзаға тамақпен бірге кетіп, жылдар бойы массаға жиналуы мүмкін» дейді хирург-дәрігер, ассистент Дәурен Жуматаев.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости