RSS лента

9000 теңгеден бастап: Наурызда «Атырау – Түркістан» бағытына ұшақ қатынайды

  • 19.02.2021, 14:21,
  • 455
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

28 наурыздан бастап, Атыраудан Түркістан бағытына қолжетімді бағада ұшақ рейсі ашылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«FlyArystan» бюджеттік әуекомпаниясы осылайша, «Атырау – Түркістан» бағытындағы бұрын болмаған рейсті жұма, жексенбі күндеріне қолжетімді етіп отыр.

 

«Airbus А320» ұшағымен орындалатын тікелей рейстерде бір бағытқа билеттердің ең төменгі құны 9 мың теңгеден басталады.

 

«Мұндайда жолаушы өзімен бірге 5 келіге дейін қолжүгін ала алады. Билеттерді «FlyArystan» App мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтынан алуға болады», делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.

 

Еске сала кетелік, «FlyArystan»  Қазақстандағы ең алғашқы лоукостер. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар.

Оставить комментарий
Последние новости