RSS лента

Алматыда Ұлттық құраманы IV Азия Пара ойындарына шығарып салды

  • 13.10.2023, 14:36,
  • 365
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР туризм және спорт министрлігі

Сары құрлықтың басты бәсекесі 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар 14 спорт түрінен, яғни пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат,  пара жүзу, пара велоспорт, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара садақ ату,  пара үстел теннисі, академиялық есу және пара оқ ату спорт түрлерінен 485 медаль үшін таласады. Айта кету керек, Қазақстан құрамасы 2010 жылдан бері Азияның Пара ойындарына төртінші рет қатысуда.


Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ақшалай ынталандыру мақсатында құрлық чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.
 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости