RSS лента

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы 10 жылға сотталды

  • 14.10.2020, 20:21,
  • 1 003
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау қалалық №2 сот былтыр уақытша тергеу изоляторына қамалған Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қайрат Жұлмұхамбетовты он жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Қорқытып алу арқылы пара алу») бойынша айыпты деп танылды. Нақтырақ айтқанда, айыпталушы әкімшілік басқару басшысынан «қызметін өсіру және жалпы қамқорлық» жасағаны үшін талап етілген 10000 доллардан 3000 доллар пара алды деген күдікке ілінген еді. Арада алты ай тергеу мен төрт айдан аса уақыт сот үрдісі жүрді.

 

«Оның қабылдаған «ҚР мемлекеттік қызметшісінің антын» бұзуы ауырлататын жағдай деп танылды. Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысының ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот нақты бас бостандығынан айыруды ұзақ мерзімге тағайындауды әділ деп тапты» делінген Атырау қалалық №2 соттың баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости