2023 жылғы 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында (ҚХР) IV Азия Паралимпиада ойындары өтуде.
Аталған ойындарға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының атынан 131 спортшы қатысады, оның ішінде 93 ер адам және 38 әйел 14 спорт түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара оқ ату, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара академиялық есу, пара садақ ату, пара велоспорт, отырып ойнау волейбол, бочча және шахмат) қатысады.
ҚР Ұлттық құрамасы 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.
«Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.